• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қараша, 2022

Қазақстан қалалары қысқа дайындалмаған ба? Өскемендегі ЖЭО-дан ақау шықты

428 рет
көрсетілді

Өскемен қаласындағы жылу электр орталығында қазандық істен шықты, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы «Хабар24» телеарнасы ақпарат таратты.

Бір күн бұрын датчиктерден шыққан ақауға байланысты №15 қазандық сөніп қалған. Мамандар құрылғыны 1,5 сағаттан кейін қайта іске қосқан. Бірақ әлі де желі суының айналуында қиындықтар байқалады. Суықтың салдарынан су мың тоннаға артқан. Бұл қала тұрғындарының батареяларындағы температураның төмендеуіне әсер еткен, олар әлеуметтік желілерде шағымданып жатыр.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында кейінгі бірнеше күнде аяз күшейген. Ал Өскеменнің жылу электр орталықтары аязға шыдамайтын көрінеді.

Қазір стансадағы жөндеу бригадаларының саны көбейген. Жеті қазандық пен алты құбыр агрегаты жұмыс істеп тұр.

Естеріңізге салсақ, бұл еліміздегі жылыту маусымы басталғалы орын алып жатқан алғашқы жағдай емес. Бұған дейін осы жылдың 20 наурызында Петропавлдағы жылу-электр орталығының түтін мұржасы жартылай опырылып құлаған еді. Салдарынан жұмысшы әйел мерт болған.

5 қарашада «Риддер ЖЭО» АҚ-да күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шықты, нәтижесінде № 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты түрде сөндірілді. Салқындатқыштың температурасы жоспарланған +70 градустан +39 градусқа дейін төмендеген еді. Салдарынан қаланың 22 мыңнан астам абоненті жылусыз қалып, Риддерде төтенше жағдай жарияланған болатын.

24 қараша күні Арқалық қаласындағы жылу электр орталығында апат болды. 

Арадан бірнеше күн өткенде, 27 қараша күні Екібастұз қаласының жылу тораптарында үлкен апат болды. Шаһар ішіндегі жылу желілеріндегі зақымданудан ыстық су толассыз ысырап болып, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-дағы 4 бірдей қазандық тоқтап қалған еді.