• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2022

Республикалық тасжолдарда проекциялық жолақтар пайда болды

433 рет
көрсетілді

Республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру аясындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, Қарағанды және Ұлытау өңірлерінде төрт жаңа проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Олар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 912 шақырымы Қарабас кентінің ішінде; «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 102 шақырымы Нұра кентінің ішінде; және «Жезқазған-Есіл-Петропавл» автожолының 22 шақырымында Сәтбаев қаласының қасында орнатылды.

«Проекция жылдың төрт мезгілінде, ауа-райы қолайсыз болса да (қар, жаңбыр, көктайғақ) айқын көрінеді. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер түнгі уақытта да жолда ақ-сары жаяу жүргіншілер жолағын 150 метр жерден анық көре алады», деп жазылған ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, дәл осындай проекциялық жолақтар бұған дейін Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының республикалық маңыздағы тасжолдарында орнатылды.