2014 жылғы 9 маусымнан бастап «Астана – Бурабай курорты» бағытындағы №805/806 «Оқжетпес» пойызы күнделікті қатынауға ауысады. «Оқжетпес» пойызы Астанадан 18 сағат 55 минутта аттанып, Бурабайға 21 сағат 46 минутта келеді, өз кезегінде Бурабайдан 22 сағат 40 минутта шығып, Астанаға 01 сағат 37 минутта келеді. Электр пойызы жолда ешбір стансаға тоқтамайды.
Құрамда 3 бірінші санатты, 3 екінші санатты, 2 үшінші санатты вагондар бар.
Жаңа құрамда жолаушыларға барлық жағдайлар жасалған. Онда жұмсақ эргономикалық орындықтар, жылыту және салқындатуды бөлек басқаратын ауа баптау жүйесі, вагонаралық герметикалық өтпелер, салондар мен тамбурларды бейнебақылау жүйелері, Wi-Fi, қазақ және орыс тілдеріндегі сапар туралы ақпарат беретін «Жүгіртпе жол» тақтасы бар, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.