• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2014

Күн тәртібі қаралған отырыс

300 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Се­нат бюросының отырысы болды. Палата Төрағасы сена­тор Сергей Плотниковты Аграрлық мәселелер, таби­ғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы лауазымына сайлануымен құт­тықтады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Бюро отырысы барысында 5 маусымда болатын палатаның кезекті отырысының күн тәртібіне ұсыныстар енгізілді. Сенат бі­рін­ші оқылымда Әкімшілік құқық бұ­зушылық туралы кодекс жобасын және кейбір заңнамалық акті­лерге әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы заңнама мәсе­лелері бойынша ілеспе түзе­тулер жобасын қарастыруды жоспарлады. Қылмыстық ко­дек­с­тің, Қылмыстық-атқару ко­декс­і­нің жобалары және «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қыл­мыс­тық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыланады. Сенаттың комитеттері мен Аппаратқа Мәжілісте мақұлданған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қа­зақ­стан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкі­меті арасындағы Қазақстан Рес­пуб­ликасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласын­дағы сауда-экономикалық ынты­мақ­тастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы берілді. Осы заң жобасы бойынша бас комитет болып Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті белгіленді. Одан басқа, бюро қаулы­сымен Сенаттың 2014 жылға арналған негізгі іс-шаралар жос­парына өз­герістер енгізілді.