• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қараша, 2022

Жезқазғандағы ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Қала әкімдігі ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта 4 қазандық (No6,7,9,11), сонымен қатар 3 турбоагрегат (6,7,8) жұмыс істеп тұр. ЖЭО-дан жылу бекітілген температуралық кестеге сәйкес шығарылады. ЖЭО штаттық режимге кірді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, жуырда Жезқазған ЖЭО-да екі қазандық істен шыққаны туралы хабарланған еді. Осыдан екі күн бұрын жылу орталығының 5-ші қазандығы да істен шыққан.

ЖЭО-да тек үш қазандық жылу өндірді. Нәтижесінде, үйлердегі ауа температурасы 9 градусқа дейін төмендеді. Жергілікті билік хабарлағандай, жағдай бақылауға алынды.

Соңғы жаңалықтар