ҚР спорт шебері Лаура Әлмағанбетова 23 жасқа дейінгі еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бішкекте өткен 23 жасқа дейінгі Азия чемпионаты кезінде Лаура Әлмағанбетованың қарсыласы Үндістандық спортшы допингке қатысты ережелерді бұзғаны анықталды.
Осылайша, Лаура 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпионаттың алтын медалін иеленді.