• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2010

БІРҚАТАР ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ МАҚҰЛДАНДЫ

441 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен жалпы отырыста “Мемлекеттік мүлік туралы” заң жобасы бірінші оқылымда талқыға салынды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Қуандық Бишімбаев баяндама жасап, заң жобасының мақсаты мемлекеттік мүлікке мемлекеттік құқықты жү­зе­ге асыру процесінде қалыптасатын қатынастарды реттейтін құқықтық негіздерді, принциптер мен ере­же­лерді бекіту жолымен мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заң­на­маны, сондай-ақ оның тиімді пай­да­ланылуын бақылау жөніндегі қа­тынастарды жетілдіру екенін айтты. Аталған заң актісі және соған сәйкес кейбір заңдарға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Енді Мәжілістің Экономикалық ре­форма және өңірлік даму комите­ті­нің мүшесі Елена Тарасенко же­текшілік ететін жұмыс тобы заң жо­басын екінші оқылымға дайындайды. Палатаның жалпы отырысында еліміздің кейбір заңдарына Қазақстанның “электрондық үкіметін” дамытуға қатысты заң жобасы екінші оқылымда талқыға түсті. Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Шавхат Өтемісов баяндама жасады. Айта кету керек, осы заң жобасы ағымдағы жылғы сәуірдің 21-і күні бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Келесі кезекте сақтандыру мәселелерін реттеуге бағытталған заң жобасының екінші оқылымға дайындалғандығы жөнінде Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сейітсұлтан Әйімбетовтің мәліметі тыңдалды. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар нақтылау сипатындағы үш түзету енгізген, оларға жұмыс тобының мүшелері қолдау білдірген. Депутаттар бұл заң жобасын да толықтай мақұлдау жөнінде ортақ шешімге келді. Айбатыр СЕЙТАҚ,  журналист.