• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2022

Астанада заңсыз шеруге қатысқан 18 адам жауапқа тартылды

182 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 26 қараша күні Астанада өткен заңсыз шеруге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, 18 адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Митинг болған жоқ. Жиналған адамдар заңсыз шеру өткізген, полиция оны тез арада тарқатты. Жалпы, заңсыз шеруге 300-ге жуық адам қатысты. Ұйымдастырушы ұсталып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», деді Игорь Лепеха журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта заңсыз шеру қандай мақсатпен ұйымдастырылғаны анықталып жатыр. Анықталғандай, бұл шеруге басқа аймақтардың тұрғындары да қатысқан.