Бүгін сағат 12:10-да Алматы облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 500-ге жуық оқушыны, 97 оқытушыны, 7 техникалық персоналды және 2 күзетшіні эвакуациялады», деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша Талғар ауданы ПБ-ға тіркелді.
Қазіргі уақытта саперлер арнайы операция жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша жағдайға құқықтық баға беріледі.