Астана-Көкшетау автожолында 32 жолаушы мінген автобус жүрмей тұрып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Анықталғандай, көлікке құйылған дизель отыны қолайсыз ауа райына байланысты қатып қалған.
Оқиға орнынына жеткен құтқарушылар зардап шеккен жолаушыларды эвакуациялады.
Астана ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, автобуста Тәжікстан Республикасының азаматтары болған.