• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2014

Дамуға бастар алғышарт

383 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы Маңғыстау облыстық ұйымының «Еуразиялық экономикалық одақ – ХХІ ғасыр сын-тегеуріндеріне жауап» тақырыбындағы отырысы өтті. Маңызды одақтың тиімді тұстары талқыланған жиынға облыс аумағында жұмыс жасайтын саяси партиялардың, бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың, облыстық кәсіподақтар федерациясының басшылары мен облыстық ардагерлер кеңесі, діни бірлестіктер, БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс мақсаты – Демо­кратиялық күштердің «Қазақ­стан-2050» жалпыұлттық коали­циясы мүшелерінің Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасындағы Еуразиялық эконо­микалық одақ құру туралы шарт­қа қол қойылуына байланыс­ты бұл құжаттың маңызын, өңірдің экономикалық дамуына тигізетін оң ықпалын, ел өмірі үшін тиімділігін жұртшылыққа түсіндіру, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, кеңінен насихаттау. Отырысты коали­ция облыстық ұйымының төрайы­мы, «Нұр Отан» партиясы Маң­ғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынба­сары Х.Нұрғалиева жүргізіп, «Еу­разиялық экономикалық одақ – дамудың даңғыл жолы» тақы­рыбында баяндама жасады. Өткен жылы Маңғыстау об­лы­сының Ресей және Беларусь мемлекеттерімен тауар айналым 113 пайызды құраған. Ресеймен тауар айналым 14 пайызға артып, сауда-саттық 207 миллион долларға жеткен. Өңірде 122 бірлескен кәсіпорын жұмыс жасаса, оның 97 пайызы ресейліктермен тығыз қарым-қатынаста. Соңғы үш жылда облыста 2 мыңнан астам ресейлік, 80-ге жуық Беларусь азаматы еңбек етеді. Отырыста осындай соңғы деректермен қатар, экономикалық интеграцияға тың серпін беретін жаңа ұйымның құрылуы, осы Еуразиялық эконо­микалық одақтың маңызын жұрт­шылыққа түсіндіру тетіктері талқыға түсті. Жиында сөз алған «Ақ жол» партиясы облыстық филиалының өкілі А. Аязбаев, «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар қоғам­дық бірлестігінің төрайымы Ж.Ма­хамбетова, Қазақстан Комму­нис­тік халықтық партиясы облыстық филиалының бірінші хатшысы Р.Алдоңғарова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ғұмаров, «Бірлік» партиясы облыстық филиалының өкілі И.Берниязов, облыстық «Бекет ата» мешітінің бас имамы С.Сейіт­бекұлы, «Благовещенский приход Уральской епархий» шіркеуі­нің басшысы И. Выриков, «Боевое братство» ауған соғысы арда­герлері ұйымының төрағасы Н.Қаражанов, оралмандардың «Туған ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Кемаладинұлы, «Ауыл» социал-демократиялық партиясы МОФ төрағасы Қ.Жеткізген Еуразиялық экономикалық одақ­тың еліміздің тәуелсіздігіне нұқсан келтірмей, экономикалық сипатта құрылғандығын және сол бағытта жүзеге асатындығын айтып, оның жұмысынан маңызды жетістіктер күтетінін ортаға салды. – Бұл – еліміздің әл-ауқатын арттыруға, экономикасын, мәдениетін көтеруге немесе ай­ма­ғымызда, Қазақстанда жаңадан ашылатын өндіріс орындары санын көбейтуге оң ықпал ететін шарт. Отырыста талқыланған баяндама негізінде демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясының шешімі қабылданды. Коалиция мүшелерінің қазіргі таңдағы басты міндеті – Қазақстанның Тәуелсіздігін нықтай түсумен қатар, экономикалық әлеуетін одан әрі арттыратынын жұртшылыққа кеңінен түсіндіру, – деді «Ауыл» социал-демократиялық партиясы МОФ төрағасы Қ.Жеткізген. Жиын соңында жетекші партия бастап, барлық ұйымдар мен мекемелер қостап, облыстың түкпір-түкпірінде халық арасында түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жоспар жасалатын болды. Райхан РАХМЕТОВА, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы. АҚТАУ.