Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғосман Жакин елордалық полицияны жабдықтау жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«AMANAT партиясының бағдарламасы аясында қалада модульдік үлгідегі 10 стационарлық полиция бекеті орнатылды. Учаскелік полиция пункттеріне арналған үй-жайлар саны 27-ден 42-ге дейін ұлғайды», деді Ғосман Жакин қоғамдық кеңес отырысында.
Оның айтуынша, алдағы үш жылда оларды екі есеге арттыру жоспарлануда.
«Учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция полкі және мамандандырылған батальон үшін 94 автокөлік сатып алынды. 2025 жылға дейін тағы 183 бірлік автокөлік сатып алу жоспарлануда», деді полиция қызметкері.