• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда жергілікті органдардың жылыту маусымына дайындығын тексеретін комиссия құрылады

403 рет
көрсетілді

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды», делінген хабарламада.

Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.