• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Желтоқсан, 2022

Екібастұздағы жағдай: Тұрғындар электр қуатының үзілуіне байланысты эвакуацияланды

442 рет
көрсетілді

Екібастұздағы апатты қалпына келтіру жұмыстарына 256 адам мен 43 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«30 қарашада сағат 23:51-де электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне байланысты Екібастұз қаласындағы шағын аудандардың бірінде (Шешембеков, Торайғыров көшелері) 8 көпқабатты тұрғын үйге электр қуатын беру тоқтатылды. Қала әкімі тұрғындардың келісімімен оларды жылу пункттеріне уақытша көшіру туралы шешім қабылдады», деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сағат 00:44-те электр қуатын беру қалпына келтірілді, қоныстандыру орын алған жоқ. Аталған апатты қалпына келтіру жылумен қамтуға әсер еткен жоқ.

«1 желтоқсан сағат 08.00-дегі жағдай бойынша No6, 8,9,12,14,15 6 қазандық жұмыс істейді; 4 қазандық резервте (5,7,11,13). 132 көпқабатты үйге жылу беру қалпына келтірілді, 5А, 5Б және 6 ықшамаудандарындағы 114 жеке тұрғын үй және 13 әлеуметтік нысан, 17 көпқабатты үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған», деп қосты облыс әкімдігі.

Бұған дейін Екібастұз қаласында азаматтарды қабылдау мен жылытуды ұйымдастыру үшін 14 уақытша орналастыру пункті, 387 жатын және 1540 отыратын орын ұйымдастырылған болатын. Апатты қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 256 адам мен 43 техника жұмылдырылған.