• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Желтоқсан, 2022

Байзақтағы жарылыс кезінде қаза тапқан сарбаздың сүйегі табылды

567 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында 28349 әскери бөлімінің өрт сөндіру есебінің командирі кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іздестіру жұмыстары өткен жылдың 26 тамызынан бастап жүргізілген.

Жарылыс болған аймақта адам сүйектері пен киім қалдықтары табылған. Сүйекке жасалған молекулярлық-генетикалық сараптама нәтижесі жоғалған азаматқа толық сәйкес келді.

Бүгін Бауыржан Дәуітбаевты жерлеу рәсімі өтеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес марқұмның отбасына жерлеу шығындары, атқаратын лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

Сондай-ақ тұрғын үй сатып алу үшін төлем қарастырылған. Оның мөлшері әскери қызметші қызмет еткен аймаққа және отбасы мүшелерінің санына байланысты. Сонымен қатар марқұмның балаларын оқытуға, жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге көмек көрсетіледі.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасында жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан 17 адам қаза тауып, 1 адам хабар-ошарсыз кеткен еді.