Сәрсенбі күні Мадридтегі Украина елшілігінде жарылыс болып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Испаниядағы Украина елшілігіне конверт келді. Оны тексеру кезінде жарылыс болды. Қызметкер жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Өмірге қауіп төніп тұрған жоқ. Елшіліктің қалған қызметкерлері зардап шекпеген», деп жазды Украина Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Олег Николенко Facebook-те.
Ол Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Украинаның шетелдегі барлық елшіліктерінің қауіпсіздігін шұғыл түрде күшейтуді тапсырғанын атап өтті.
Министр жарылыстың артында кім тұрса да, олар украиналық дипломаттарды қорқыта алмайтынын баса айтты.