• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ шартын ратификациялау ісі қыркүйекте басталады

305 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім-шартты ратификациялау қыркүйекте басталады. Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Асан Қожақов осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Асан Қожақов: «Бізді алдағы 6 айдың ішінде шартты қайта өңдеп, оның әлеуетін ашу бойынша ауқымды жұмыстары күтіп тұр. Шартты Парламентке енгізу қажет. Яғни, ратификациялау үдерісі басталады. Меніңше, бұл үдеріс қыркүйекте басталып, 2-3 айға созылады. Өздеріңіз білетіндей, Еуразиялық экономикалық одақ шарты 1000 беттен, 28 бөлімнен, 118 баптан және бұл құжаттың ажырамас бөлігі саналатын 33 қосымшадан тұрады», – деді. Сыртқы істер министрлігі ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісінің айтуынша, шартты ратификациялау ісіне барлық мемлекеттік органдары жұмылдырылмақ. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: Parlam.kz.