«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», деп жазылған хабарламада.
Нариман Төреғалиев 1964 жылы 19 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1990) инженер-экономист, Каспий қоғамдық университетін (2004) заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995) болып бастады.
«Айтиево» өндірістік кешенінің жабдықтаушысы, экономисті, бас экономисті (1997-1999);
«Ақжол» шаруа қожалығының басшысы (1999-2001);
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (2001-2002);
Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры (2002-2003);
Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005);
Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2005-2008);
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010);
Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (2010-2012);
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012-2015);
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016);
Орал қаласының әкімі (2016-2017) лауазымдарын атқарды.
Бұған дейін Парламент Сенатының депутаты болды.