• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 02 Желтоқсан, 2022

Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

411 рет
көрсетілді

Бірінші желтоқсанда әскерлерде жаңа оқу жылы басталды. Жеке құрамға жауынгерлік даярлық бағдарламасын игеру керек. Ал құрамаларға, әскери бөлімдер мен бөлімшелерге Қарулы күштерді даярлау жоспарына сәйкес іс жүзінде оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау қажет болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәстүр бойынша кезекті оқу кезеңі басталар алдында әскери қызметшілерге салтанатты жағдайда штаттық қару, бекітілген жауынгерлік техника мен қару-жарақ табыс етілді.

Сонымен қатар жеке құрамға қауіпсіздік шаралары бойынша кешенді сабақтар өткізілді. Онда қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, улы және жарылғыш заттарды пайдалану қағидаларына, сондай-ақ шұғыл медициналық көмек көрсету тәртібіне басты назар аударылды.

Алғашқы сабақ өткен жылдың қорытындылары шығарылып, жаңа оқу жылына міндеттер қойылған мемлекеттік-құқықтық дайындыққа арналды. Қарулы күштер үшін Мемлекет басшысының тапсырмаларын одан әрі іске асыру басым бағыт болып табылады. Оның ішінде әскери қауіпсіздіктің өзекті қатерлерін ескере отырып, Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту, цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру, армияны қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи және жоғары технологиялық үлгілерімен қайта жарақтандыру, жауынгерлік даярлыққа әскерлерді қолданудың жаңа әдістерін енгізу, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру мақсатында меритократия қағидаты негізінде әскери білім беру мен кадр саясаты жүйесін дамыту, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі, әскери қызметтің беделі және жастарды әскери борышын орындауға ынталандыру кеңінен қамтылған.

Әскерлерді даярлау жауынгерлік жарыс түрінде өтеді. «Қуатты армия – Жаңа Қазақстан» ұранымен өтетін жаңа оқу жылы армия мен халықтың бірлігін көрсетеді.