• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Желтоқсан, 2022

Елімізде төрт мыңға жуық дәрігер тапшы

360 рет
көрсетілді

Қазақстанда медициналық кадрлардың тапшылығы 7,7 мыңнан астам маманды құрайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Еліміздің мемлекеттік медициналық ұйымдарында 270 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 80 мыңға жуық дәрігер және 190 мыңға жуық орта медицина қызметкерлері. Республикада кадр тапшылығы 7,7 мыңнан астам маманды құрайды, оның ішінде дәрігерлер шамамен 3,9 мың маманды, орта медицина қызметкерлері 3,8 мың маманды құрайды», деді Ажар Ғиният Сенатта өткен үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, 2021 жылы өңірлерде 3034-тен астам жас дәрігерлер жұмысқа орналасқан.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін жыл сайын дәрігерлердің жалақысын көтеру шаралары қабылдануда. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін және медицина қызметкерлерінің мәртебесін сақтандыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету үшін тиісті заң жобасы әзірленді, ол қазір Парламент Мәжілісінде қаралуда», деді басқарма басшысы.