Мексикадағы тойда 250 қонақтың кем дегенде 200-і уланып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Noticias MVS сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алма Маррокин мәлімдеді. Оның айтуынша, Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында өткен мерекеден кейін зардап шеккендердің ішінде қалыңдық пен кәмелетке толмаған қонақтар уланып, дене қызуы көтерілген.
Оқиға болған қонақүй оқиғаның егжей-тегжейі нақтыланғанша уақытша жабылады. Жас жұбайлар үйлену тойын ұйымдастыруға жұмсалған қаражатты қайтаруға өтініш бергендерін айтып, уланған қонақтарды сауықтыру үшін қажетті медициналық қызмет ақысын қонақүй әкімшілігінен төлеуді талап етті.