• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Желтоқсан, 2022

Alibaba негізін қалаушы Джек Ма Қытайдан кетті

299 рет
көрсетілді

Бұл туралы Egemen.kz Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым тілшісі Джек Ма биліктің технологиялық сектор мен оның ең ықпалды бизнесмендеріне жасалған қысымына байланысты кетуі мүмкін деген болжам айтады. 

Сондай-ақ газет Ма Жапонияға отбасымен, жеке аспазымен және оққағарымен кеткенін жазған.   

Financial Times газетінің хабарлауынша, Ма Токиодағы ыстық бұлақтар мен тау шаңғысы курорттарына барады және үнемі АҚШ пен Израильге сапарлап тұрады. 

Айта кетейік, Джек Ма 2020 жылдың қазан айында Шанхайда өткен конференцияда Қытай реттеушілерін сынап, мемлекеттік банктерде «ломбард менталитеті» қалыптасқан деп айыптаған. Содан кейін ол көпшілік алдына шығуды тоқтатты. Осыған байланысты Қытайдың қаржылық реттеушілері Маны сұхбатқа шақырған.