Жиырма жылдан бері қазақтың дәстүрлі ән өнеріне өзінің үлесін қосып келе жатқан Жазгүл Данылбаева жақында Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік филармониясының қолдауымен Конгресс-холда «Арман-ай!» атты жеке концертін өткізді.
Кештің көркін көбінде оның орындауындағы халық әндері кіргізді. Әсіресе, «Угәй-әй» жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Сол секілді Алтынбек Қоразбаевтың «Ауылымы», Садықожаның «Сары бидайы», Қапездің «Үш Меркісі», өзге де рухты дүниелер ерекше әсерге бөледі. Әншінің ұстазы Ержан Қосбармақов шәкіртінің талантына тәнті екенін жан-жақты айта келіп, өзі де «Ағайын» атты толғауды айтып, қолдау көрсетті. Қашан да бір-бірімен қанаттас жүретін танымал әншілер Н. Әлқожаева, А.Елшібаева, М.Арапбаева, Б.Балажанова, К.Төленбаева, Салықовтар отбасы Жазгүлдің жан жадыратқан әндеріне өз үлестерін қосып, үкілеп отырды.
Қасымжомарт ДӘУЛЕТ.
Астана.