• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Желтоқсан, 2022

«Аңсаған сәби»: Таразда дүниеге келген үшемді перзентханадан шығарды

353 рет
көрсетілді

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, салмағы нормадан төмен болған жаңа туған нәрестелер бір айдан астам уақыт Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының неонатология бөлімінде болған, деп жазады Egemen.kz.

Мамандардың айтуынша, балалар мерзімінен бұрын  30-аптасында дүниеге келген. Сондықтан туғаннан  кейін сәбилерге қарқынды терапия қажет болыпты. Ал бірінші күні олар реанимация бөлімінде қалған,тек екінші күні ғана анасымен бірге болу үшін неонатология бөліміне ауыстырылыпты.

Неонаталдық қызмет басшысы Талғат Толықбаевтың айтуынша, қазір үшемнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға арнайы күтім ұйымдастырылған. Анасы нәрестелерді күтуге, емізуге және шомылуға үйретілген. Осы уақыт ішінде сәбилер салмақ жинады, олардың әл-ауқаты жақсарды, сондықтан олар үйге шығарылады.

Бір қызығы, бұл отбасының 24 және 20 жастағы  екі қыздары бар. Алайда ерлі-зайыптылар үйді қуанышты балалар дауыстарымен толтыруды аңсап,  экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісіне жүгінген. Тек үшінші ретінде ғана әйел жүкті болыпты