• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 03 Желтоқсан, 2022

Абай облысында 170 қоқыс полигонының бесеуі ғана санитарлық талапқа сай

390 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, экология министрі Серікқали Брекешев Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.

«Өзекті мәселенің бірі - рұқсат етілмеген полигондар санының өсуі. Космомониторинг нәтижесінде 386 полигон анықталды. Оның 51-і, яғни 13 пайызы жойылды. Бұл өте төмен көрсеткіш. Стихиялық полигондардың пайда болу себептерінің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін заңдастырылған полигондарының болмауы. Қоқыстарды уақытша орналастырудың 170 объектісінің тек бесеуі немесе 2,9 пайызы ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді. Осыны ескере отырып, әкімдікке рұқсат етілмеген полигондарды жою жөніндегі жұмысты күшейту, жаңа полигондарды салу, заңдастыру мәселелерін қарау, сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және бекіту ұсынылады», деп міндет жүктеді Серікқали Брекешев.

Министр келтірген дерек бойынша биыл облысқа қарасты Семей, Аягөз қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғарылаған. Бөлінген зиянды қалдықтардың басым бөлігі жылу энергетикасы кәсіпорындарына тиесілі.