«Мүліктің меншік иелерінің бірлестігінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары». Дәл осындай атаумен өткізілген ашық пікір алмасу алаңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың қатысуымен жылжымайтын мүлік иелерінің қордаланған мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған басқосуға мүліктің меншік иелерінің бірлестігі мен Цифрлы үкіметті қолдау орталығының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен IT-компаниялардың өкілдері қатысты.
Оның барысында қазір ММИБ-ке ауыспастан бұрын алдымен арнайы коммерциялық емес ұйымдарды тіркеп, дауыс беруге арналған мобильді қосымшаларды әзірлеу және пәтер иелерінің тізімдерін жасақтап, сауалнама парақтарымен дауыс беру хаттамаларын дайындауға байланысты тетіктерді жетілдіріп, басқа да өзекті мәселелерді шешуге күш салу қажеттігі айтылды.
Жиынның қорытындысы бойынша дауыс беруді өткізу және мүліктің меншік иелерінің бірлестігін тіркеуді бірізге түсіру үшін eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану ұсынылды.