• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Желтоқсан, 2022

Екібастұзға көмек: Алматы облысының кәсіпкерлері 500 дана жылытқыш құрал жеткізді

514 рет
көрсетілді

Алматы облысы әкімдігінің бастамасын құп алған аймақ меценаттар жылусыз отырған Екібастұз қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтті, деп жазады Egemen.kz.

Кәсіпкер және меценат Зия Талғатов, өз кезегінде компания қиын жағдайда қалған екібастұздықтарға қолдан келгенше көмек көрсетуге өз үлесін қосу туралы шешім қабылдап, шетте қалмайтынын атап өтті.

 - Қазір 500 дана жылытқыш құрал тиелген жүк көлігі жолға шықты.Біздің компания қайырымдылық жұмыстарымен белсенді түрде, жиі айналысады. Жыл сайын бюджетке халықты әлеуметтік қолдау үшін, оның ішінде мектептер, үйлер, мешіттер салуға және елдің шалғай өңірлеріндегі балаларға сыйлықтар тарату мақсатында шамамен 30 миллион теңге бөлінеді. Ең қиын сағатта адамдардың бір бірін қолдап, бір мүдде аясында біріге алуы, тұтас елді елдің бірлігін арттырып, елдің ішкі рухының мықты болуына септігін тигізеді, - деп бөлісті Зия Талғатов.

Сондай-ақ, бизнесмен логистика және коммуникация мәселесінде Алматы облысының әкімдігі қолдау көрсеткенін атап өтті. Бүгінде жылыту құралдары Екібастұз қаласының тұрғындарының өтініміне сәйкес таратылды. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Мариям Маликова атап өткендей, Бауыржан Момышұлы мен Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі көппәтерлі үйдің тұрғындарына аталған жылыту құралдары таратылып берілді.