• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2014

Үш күнде екі бала суға кетті

305 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының су жолдарында үш күннің ішінде екі бала суға кетіп қалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Онда мамыр айының аяғында 5 және 14 жастағы екі бала суға кеткені айтылады. Оның бірі Қармақшы ауданында орын алса, екіншісі Жаңақорғанда болды. Қармақшы ауданының Ақай елді мекенінде тұратын Н.Қожағалиев 24 мамырда суға шомыламын деп, қайтадан жағаға шыға алмай қалды. Бұл кезде сағат кешкі 21-ді көрсетіп тұр екен. Жасөспірімнің денесін төтенше жағдайлар саласының 4 маманы су астынан іздеуге жұмылып, үш күн өткеннен кейін жағаға алып шықты. Дәл осыған ұқсас жағдай 27 мамырда Жаңақорғанда орын алды. Сол күні сағат күндізгі 11 шамасында 2009 жылы туған Б.Тұрғанбай суға кетті. Мамандар оның денесін 6 сағат өткенде та­уып алды. Мұрат АЙТҚОЖА.