• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Желтоқсан, 2022

Кішкентай құтқарушы

2557 рет
көрсетілді

Қауіптің қайдан, қашан тап боларын кім білген? Атырауда екі жасөспірім Жайық өзенінде қатқан мұздың үстіне шыққан. Сол кезде жұқа мұз ойылып, екеуі де суға түсіп кеткен. Оқыс оқиға 3 желтоқсан күні болған.

Ал оларды құтқаруға қол ұшын созған кім? Бір таңда­нар­лығы, ересектер емес, сол маңда ойнап жүрген 8 жасар Дін­мұхаммед Жаңбырбай суға батқан замандастарын құт­қаруға бірінші болып ұм­тыл­ған. Сөйтіп, ол өзінен үл­кен екі жасөспірімнің бірін қолынан тартып, судан шығаруға кө­мек­тескен. Судан шыққан жас­өспірімнің бірі екіншісін құт­қарып қалған. Кейін суға бат­қан екі жасөспірімнің бірі 14, екіншісі 9 жаста екені анық­талды.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ба­лаларға алғашқы көмек көр­сетіп, жасөспірімдерге де, олардың ата-аналарына да мұз үстінде жүрудің қауіпті екенін түсіндірді.

– Баламды ажалдан құт­қаруға көмек берген Дін­мұ­хаммедке әрекеті мен жана­шырлығы үшін алғысымды айтуды жөн көрдім. Ол қорқып қашып кетпей, батыл әрекет етті. Қиналған жанға көмегін берген батыл баланың ата-анасына да ризашылығымды білдіремін, – дейді 9 жасар жасөспірімнің анасы.

Облыстық төтенше жағ­дай­лар департаментінің қо­ғам­мен байланыс тобы Жа­йық өзеніндегі мұздың әлі де қауіпті екенін ескертіп отыр. Өзен жағалауында мұздың қалың­дығы – 3-5 см. Ал өзен­нің орта тұсында мұз әлі қатпаған.

 

Атырау облысы