• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Желтоқсан, 2022

8 өңірде қолайсыз метеожағдай күтіледі

339 рет
көрсетілді

5 желтоқсанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Көкшетау, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

Аталған қалалардағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада заттардың жиналуына ықпал етеді. Бүгін Жезқазған, Теміртау және Балқаш, Қарағанды, Көкшетау, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауаның ластану деңгейі ерекше байқалады.

Қазақстанның қалған қалаларында метеожағдайлар қолайлы болады.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды немесе ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Қолайсыз метеожағдайлар пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы.

 

Соңғы жаңалықтар