Бүгін Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің астаналары арасында тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тікелей рейстің салтанатты ашылу рәсіміне Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экичи, «AnadoluJet» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмет Цылдыз, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ президенті Дәулет Хамзин қатысты.
Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рет, Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушы - «AnadoluJet» компаниясы.
Айта кетсек, жүзеге асырылған алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.
Сондай-ақ аталған рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда, туризм және бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.