• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Желтоқсан, 2022

Тамара Дүйсенова елдегі кедейшілік деңгейіне қатысты пікір білдірді

504 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандағы кедейшілік деңгейіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барлық елде кедейшілік бар. Абсолютті кедейшілік және салыстырмалы кедейшілік болады. Қазақстанда салыстырмалы кедейшілік. Жалақы өсіп, әлеуметтік төлемдер артып, қажеттіліктер мен баға өсуде. Бұл әрқашан осыдан төмен болатын адамдар санатын көрсетеді. Кедей ел жоқ деп айту мүмкін емес. Бірақ дер кезінде халыққа қолдау көрсетіп, осы кедейшіліктің алдын алуға болады. Осы бағытта кедейшіліктің алдын алу үшін цифрлық карта жасадық. Енді оның салдарымен көбірек күресіп жатырмыз. Жұмыссыз қалған отбасы мүшесі жұмыс таба алады немесе әлеуметтік жәрдемақы алады», деді министр Мәжілістегі үкімет сағатында.

Тамара Дүйсенова білімсіздіктен әлеуметтік көмекті аз алатын отбасылардың жағдайына да тоқталды.

«Мен облыстардың бірінде болдым: бір отбасы көпбалалы отбасы ретінде ай сайын шамамен 110 мың теңге жәрдемақы алуы керек еді. Олар білмей, 20 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Енді тағы да жұмыстар атқарылады. Қазақстанда 200-ден астам заң бар, адамдар өз құқықтарын, не талап ете алатынын білуі керек», деп түйіндеді министр.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова айлық есептік көрсеткішті (АЕК) қолданудан бас тартып, әлеуметтік төлемдерді бірыңғай көрсеткіш бойынша есептеуді ұсынған болатын.