Жедел штаб басшысы-Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, проблемалы үйлердің жылу тораптарында жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді мамандар сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі уақытта 71 көпқабатты проблемалық үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді.
Жедел штаб барлық зардап шеккен үйдің тізімін жариялады.
Айта кетсек, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.