Астанада қалалық клубтар арасында футболдан турнир өтті. Финалда Dostar және «Виста» командалары кездесті. Кездесу алғашқысының пайдасына 3:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев пен елордалық футбол федерациясының президенті Дэвид Лория қатысты.
Біріншіліктің чемпионы - Dostar командасы, ал «Виста» ФК күміс жүлдегер атанды, «Абай» клубының футболшылары үздік үштікті түйіндеді.
Турнирдің үздік қақпашысы - Жомарт Әсетұлы (Dostar), Үздік қорғаушы - Евгений Семин (Виста). Үздік жартылай қорғаушы номинациясын Біләл Насыров (Dostar) иеленді. Ол НБА Айки (Виктория) ұжымының үздік сұрмергені және үздік ойыншысы атанды. Үздік жаттықтырушы атағын Асхат Назаров (Виктория) иеленді.