• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Желтоқсан, 2022

Атырауда балаларды судан құтқарған 8 жастағы оқушы марапатталды

2393 рет
көрсетілді

Атыраулық полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімдерге алғаш болып көмекке келген 8 жастағы Дінмұхаммедті марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен демалыс күні суға батқан жасөспірімдерге алғаш болып көмекке келген Дінмұхаммедтің батыл әрекеті көпшілікті тәнті етті.

«8 жаста болса да өзінен үлкен балаларға көмекке келген Дінмұхаммед Серікұлы Жаңбырбай көпке үлгі. Атырау қаласындағы №3 мектептің 3-сынып оқушысын бүгін Атырау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев арнайы барып департамент бастығының алғыс хатымен марапаттады», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.