• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Желтоқсан, 2022

Австралия премьер-министрі көмір бағасын шектеуді ұсынды

228 рет
көрсетілді

Австралияның премьер-министрі Энтони Албанезе штат басшыларынан электр энергиясының шарықтап бара жатқан бағасын тежеу ​​мақсатында салық төлеушілер үшін көмір мен газ бағасына шек қоюды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, көмір мен газдың құнын шектеуге байланысты өндірушілерге өтемақы төленеді. 

Албанез үкіметтің тек газ нарығына араласуды ғана қарастырып жатқанын, бірақ электр қуатының бағасын төмендету үшін көмір нарығына да араласу қажет екенін атап өтті. 

Жаңа Оңтүстік Уэльс, Квинсленд және Оңтүстік Австралия штаттары премьер-министрдің баға шегін енгізу туралы бастамасына қарсы шықты. 

Айта кетейік, Австралия көмір экспорты бойынша дүние жүзінде екінші орында.