• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Желтоқсан, 2022

Асхат Аймағамбетов мектептегі балалар қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

279 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бірқатар өңірдегі мектептерде әлі де қазандықтар бар екенін айтты. Министр жақында Ақмола облысында болған жарылысты еске салып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында әлі де бірқатар мектеп, колледж бен балалар үйінің ғимараттарында жылу жүйесі орнатылғанын айтты.

«Бұл балаларға үлкен қауіп төндіреді. Жақында Ақмола облысында орын алған жағдайды білесіздер - ол жерде тек қазандық мектеп ғимаратының сыртында болғандықтан, мектеп оқушылары зардап шеккен жоқ. Ал егер қазандық мектептің ішінде болса, біз зардап шегушілерден аулақ бола алмас едік. Мұны түсіну керек. Сондықтан білім беру нысандарындағы жылу жүйелерін бөлек бөлмелерге жеткізу туралы талаптарымыз өте орынды», деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, жылу жүйесі бойынша 263 мектептің 200-ден астамында бұл мәселелер шешімін тапқан.

«Көп жұмыс атқарылды. Мұны мойындау керек. Бірақ күні бүгінге дейін 57 мектепте бұл мәселе толық шешілген жоқ. Бұл жұмыстарға әкімдіктер тарапынан қаржы бөлінуі қажет», деді  министрлік басшысы.

Айта кетейік 18 қазанда Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды.