Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрік Республикасына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Түркияның Бодрум қаласына Түркітілдес мемлекеттер Кеңесінің төртінші саммитіне қатысу үшін келді.
Саммит аясында Нұрсұлтан Назарбаев Кеңеске мүше мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.