• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Желтоқсан, 2022

Елімізде 33 градусқа дейін аяз болады

268 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Астанада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел екпіні - секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 28-30, күндіз 18-20 градус аяз.

Ақмола облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Жел екпіні - секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 25-30, күндіз 16-21 градус аяз. Көкшетауда ауа райы жауын-шашынсыз. Жел екпіні - секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 17-19 градус аяз болады.

Алматыда синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжайды. Жел екпіні - секундына 0-5 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 3-5 градус аяз күтіледі.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қар жауады. Облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы: түнде 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 16-21 градус аяз, күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 12 градус аяз. Қонаевта - жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 10-12, күндіз 3-5 градус аяз болмақ.

Шығыста, Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған қар жауады. Түнде және таңертең облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 21 градус, күндіз 3-8 градус, облыстың таулы аудандарында 11 градус аяз болады. Талдықорғанда - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 5-7 градус аяз болуы мүмкін.

Шымкентте күн бұлтты, күндіз қар жауады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 5-10 метр болады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 1-3 градус аяз.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде қар, тұман, көктайғақ бар. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні - 8-13, тау асуларында секундына - 15-20 метр. Түркістанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына - 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 2-4 градус аяз күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында күн жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соққан жел екпіні - секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 5-10 градус аяз. Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 8-10 градус аяз.

Атырау облысында да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 5-10 градус аяз. Атырауда - бұлт аз, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: 15-17, күндіз 6-8 градус аяз.

Маңғыстау облысында да жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман болады. Ауа температурасы түнде 6-11 градус, облыстың солтүстік-шығысында 14-19 градус аяз, күндіз 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 8 градус аяз. Ақтауда бұлт аз, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 9-11, күндіз 1-3 градус аяз.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман болады. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың оңтүстігінде 14 градус, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде 10 градус аяз. Ақтөбеде бұлт аз, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 15-17 градус аяз.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 23-28, облыстың солтүстігінде 31, облыстың оңтүстігінде 19 градус аяз, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 13 градус аяз. Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 18-20 градус аяз.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 21-26, облыстың оңтүстік-батысында 30, күндіз 16-21 градус аяз. Петропавлда ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 16-18 градус аяз.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде 27-32, облыстың солтүстігінде 23 градус, күндіз 21-26, облыстың солтүстігінде, батысында 18 градус аяз. Павлодарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 28-30, күндіз 21-23 градус аяз.

Қарағанды облысында секундына 9-14 метр шығыс жел соғады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде 25-30, облыстың шығысында 33, облыстың оңтүстігінде 22 градус аяз, күндіз 14-19, облыстың солтүстігінде 22, облыстың оңтүстігінде 11 градус аяз. Қарағандыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 16-18 градус аяз.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында аздаған қар жауады. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстігінде 28, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде 18 градус аяз. Жезқазғанда бұлтты, күндіз аздаған қар жауады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 11-13 градус аяз.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде 25-30, шығыста 33, облыстың оңтүстігінде 22 градус, күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 10-15 градус аяз. Өскеменде ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 18-20 градус аяз.

Абай облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 25-30, облыстың солтүстігінде 33, облыстың оңтүстігінде 20 градус аяз, күндіз 18-23, облыстың солтүстігінде 26, облыстың оңтүстігінде 13 градус аяз. Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 20-22 градус аяз.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде қар аз жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың солтүстігінде 22 градус, күндіз 6-11, облыстың солтүстігінде 16 градус аяз. Қызылордада бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 7-9 градус аяз болады.

Түнде таулы аудандарда, күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қар, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 20 градус, күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 12 градус аяз күтіледі.