АСТАНА. 4 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттердің зейнетақы туралы заңнамаларына әсерін тигізбейді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Сенатының депутаты Владимир Бобров осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы today.kz хабарлады.
Владимир Бобров: «Еуразиялық экономикалық одақ біздің елдердің зейнетақы заңдарына ешқандай әсер етпейді. Тек экономикалық мәселелерге қатысты заңнамалар төңірегінде келісімдер болады. Еуразиялық экономикалық одақ саяси ұйым емес. Әлеуметтік қорғау жүйесі әрбір елде бар. Біз зейнетақы заңнамасын өзгертпейміз», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: today.kz
Фото: rio.kz.