АСТАНА. 4 маусым. Еуразиялық экономикалық одақтың ықпалымен ішкі нарық сыйымдылығын кеңейтуге жол ашылады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламенті Сенатының депутаты Ақан Бижанов осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Ақан Бижанов: «ЕАЭО-ны құру ішкі нарық сыйымдылығын айтарлықтай арттыра түседі. «Үштік» елдерінің ортақ нарығының көлемі 2,5 трлн. долларды, жалпы өндірістік әлеуеті 600 млрд. долларды құрайды. Ал адами ресурс 168 млн.-нан асады», – деді.
Сенатордың айтуынша, ішкі экономикалық шектеулерді алып тастау, бірыңғай тарифтік саясат енгізу сынды көптеген тиімді әрекеттер отандық өндірушілер үшін өткізу нарығын ұлғайта түседі.
Сондай-ақ, ол: «Үш елдің бизнес ортасы мемлекеттік сатып алу жүйесіне тең қолжетімділікке ие болады. Бұл өз кезегінде тауарлар мен қызметтер жеткізудегі зор нарыққа жол ашады. Мәселен, тек өткен жылдың өзінде Ресей мен Беларусьтың мемлекеттік сатып алу нарығы 198 млрд. долларды құраған», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: today.kz.