Теміртау қаласының ауасын 86,4%-ға ластап отырған кәсіпорынға 6 млрд теңгеге жуық айыппұл салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингінде ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов мәлімдеді.
Айта кетейік, кәсіпорын келесі жылға экологиялық рұқсат алған жоқ. Компания тарапынан өтінім жіберілді, бүгінгі күні ол комитеттің қарауында.