АСТАНА. 4 маусым. 10 мың бас ірі қара бордақылайтын алаңы бар Батыс Қазақстан облысында мал санын көбейту жолға қойылған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Нұрлан Ноғаев: «Мал бордақылайтын компаниялардың бірі жаңадан мұздатылған етті Ресейге экспорттайды. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ірі қара мал өсіріп, оның етін жоғары қосылған құнмен сатуға құлшыныс танытқандардың қатары көбеюде. Бізге сол өнімдерді сататын арнайы павильондар керек. Бұл мәселені көршілес Ресей өңірлерінің губернаторларымен келісіп шешпекпіз. Олар павильондар салуға жер бөледі», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: altaynews.kz.