• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 08 Желтоқсан, 2022

Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды

330 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайрат Такирұлы Балықбаев Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қайрат Балықбаев 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке меншік компанияның менеджері болып бастаған.

2006-2009 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

Әр жылдары жеке меншік ұйымдарда еңбек етті.

2011-2016 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ департаментінің директоры, басқарушы директоры, ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті.    

2017-2018 жылдары – Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019-2021 жылдары – «KazEnergy» ЗТҚ бас директорының штаттан тыс кеңесшісі

2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық даму банкі Цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры қызметін атқарды.