• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 08 Желтоқсан, 2022

Жоғарғы соттың жаңа төрағасы тағайындалды

613 рет
көрсетілді

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында еліміздің Жоғарғы сотының жаңа төрағасы болып Асламбек Мерғалиев сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңадан сайланған Жоғарғы сот төрағасын жаңа қызметімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

«Мен, Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы, өзімнің міндеттерімді адал және саналы түрде атқаруға, сот төрелігін жүзеге асыруға, Қазақстанның Конституциясы мен заңдарына ғана бағынуға, судьяның міндеті маған бұйырғандай бейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант етемін», деді Асламбек Мерғалиев.

Ол бұған дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған.

Асламбек Мерғалиев 1972 жылы 2 сәуірде Павлодар облысында дүниеге келген. Білімі заңгер, Ыстанбұл мемлекеттік университетін бітірген.

1998-1999 жж. Екібастұз қаласындағы жеке фирмада заңгер болып қызмет атқарған;

1999-2001 жж. Павлодар облысы Әділет департаментінің бас маманы;

2001-2003 жж. Павлодар облыстық сотының бас маманы;

2003-2007 жж. Павлодар қалалық сотының судьясы;

2007-2008 жж. Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;

2008-2012 жж. Павлодар облысы Екібастұз қаласы сотының төрағасы;

2012-2014 жж. Павлодар қаласының No2 сотының төрағасы;

2014-2015 жж. Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы;

2015-2020 жж. Қостанай облыстық сотының төрағасы;

2020 жылдан бастап Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып қызмет атқарған.

Бұған дейін Жақып Асановтың Жоғарғы сот төрағасы қызметінен босатылғанын хабарлаған едік. Бұл қызметте ол бес жыл қызмет етті.