Атырауда көлік мұз қатқан Жайық өзенінің астына құлап кетті. Әлеуметтік желіде көліктің мұз болып қатып қалған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Желі қолданушылары жүк көлігінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық қорғау басқармасына тиесілі екенін жазды.
Облыстық ТЖД қызметінің хабарлауынша, көлік жағалау сызығынан 15 метр жерде Пешной ауылдық округі Дамба ауылында істен шыққан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Құтқарушылар мұзды ломмен кесіп өтті, ал жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері су астына түсіп, көліктің артқы дөңгелектеріне кабельді байлап, оны жағаға шығарды. Құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының алты қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жұқа әрі нәзік мұзға шығуға, сондай-ақ көлік айдауға болмайтынын еске салды.