• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2022

Балауса бишілердің табысы

373 рет
көрсетілді

Исатай аудандық оқушылар үйіндегі 13 үйірмеде 535 оқушы қосымша білім алады. Ал Қамажай Мұғауқызы жетекшілік ететін «Аққайың» ансамблінің балғын бишілері талай жүлдені иеленіп жүр. Жақында олар Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеуде өткен халықаралық байқауда бас жүлдені иеленді.

Ансамбль жетекші­сінің айтуынша, биыл маусымда «Jas tolqyn» жас таланттар байқауында жеңімпаз атанып, халықаралық бай­қау­ға жолдама алған. Ал өткен аптада Ре­сейдегі бай­қауда Мәс­кеу, Ас­тра­хан, Крас­нояр, Но­во­­­сібір өңір­лері мен Қал­мақ Рес­пуб­ли­касының өнер­паз­дары да бақ сынаған.

– Біздің ансамбль би аталымының бас жүл­десін иеленді. Байқауға ан­самбльдің орта тобынан 12 биші қатысты. Өйткені олар – осындай байқауға қа­­тысып, тәжірибе жи­на­ған бишілер. Сол себеп­тен олардың өне­рі жоға­ры бағаланатынына сен­­ген едім. Сол сенімім ақ­­тал­ды, – дей­ді Қамажай Мұ­­ғауқызы.

 

Атырау облысы