• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 09 Желтоқсан, 2022

Интеграциялық процестерді тежеу туралы сөз болуы мүмкін емес - Президент

418 рет
көрсетілді

Қазақстан ЕАЭО туралы шартқа толық сай келетін экономикалық интеграция процесін жетілдіру және оңтайландыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

- Біздің халықтарымыз, әрине, Қазақстан халқы да, біздің кәсіпкерлеріміз де мұндай интеграцияның пайдасы мен нәтижесін көруі тиіс. Дегенмен көзделген көптеген интеграциялық бағыт бойынша біз әлі де «кібіртіктеп» тұрмыз. Мысалы, Одақтың цифрлық күн тәртібіндегі жұмыстардың нәтижесі көрінбейді. Қазақстан бұл бағытта айтарлықтай алға жылжыды. Бүгінде біз цифрландырылған отыз мемлекеттің қатарына кіреміз, - деді Қ.Тоқаев. Президент сондай-ақ елімізде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электронды форматта көрсетілетінін атап өтті. 

- ІТ технологиялар мен инновациялардың бәсекеге қабілетін арттыру үшін заңнамалық негіздер жасалды. IT стартаптарының халықаралық технопаркі табысты жұмыс істейді. Криптоиндустрия дамып, цифрлық теңге енгізіліп жатыр. Осының бәрін интеграцияны дамытуға, еуразиялық ауқымдағы жобаларды жасауға пайдалануымыз керек деп есептеймін. Біз Одаққа мүше елдерді осы бағыттағы жұмысты жандандыруға шақырамыз, - деді Мемлекет басшысы.