• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Желтоқсан, 2022

Беларусь сарапшылары қазақстандық гарнизондарда инспекция жүргізді

228 рет
көрсетілді

Беларусь елінен келген әскери сарапшылар тобы  сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты аясында Ақмола және Қарағанды гарнизондарында инспекция жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Беларусь өкілдері Әскери-әуе күштерінің армиялық авиациясының тікұшағымен Ақмола және Қарағанды облыстарын айналып ұшып өтті. Сондай-ақ инспекторлар елордалық десанттық-шабуылдау құрамасына және Қарағандыдағы авиация базасына да барды.

Инспекция өзара түсіністік пен ынтымақтастық жағдайында өтті. Беларусь тобы қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби деңгейін атай келе, жұмыста көрсеткен көмегі үшін Қорғаныс министрлігіне ризашылығын білдірді.

Инспекторлар Қазақстан Республикасының қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерді адал орындағанын атап өтті.