• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2022

Екібастұздағы апат: 29 үйде жылу жоқ

472 рет
көрсетілді

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин брифингте 29 жеке үй әлі күнге дейін жылусыз отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Павлодар Энерго» компаниясының мәліметінше, қаланы жылумен қамту жүйесіне 5,5 мыңға жуық тұрғын үй қосылған. 11 желтоқсандағы жағдай бойынша Екібастұзда олардың 29-ы әлі жылусыз отыр.

«Жеке секторда сандар тұрақты түрде өзгеріп отырады. Өткен түнде 38-ге жуық жеке тұрғын үй жылусыз қалды, енді 29-ын жылумен қамту қалды. Жұмыс таңнан кешке дейін жалғасуда, оған 400-ге жуық адам жұмылдырылған. Тұрғындардан жылытуға қатысты көптеген сұрақтар келіп түсуде. Қазір жылумен жабдықтау жүйесін теңгерімдеумен айналысатын бес реттеушілер тобы бар», деді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.

Қала әкімінің айтуынша, жергілікті жылу қызметкерлеріне павлодарлық мамандар көмекке келген.

Еске салайық, 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай жарияланған болатын. Одан кейін қала билігінің мәліметінше, сағат 01:30-дағы жағдай бойынша 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және заңды тұлғалардың 21 нысаны жылусыз қалған.

8 желтоқсанда Екібастұзда төтенше жағдай режимі алынды.